«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ресей ақыны Лилия Виноградова Димашпен жұмысы туралы айтып берді

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы Игорь Крутойдың “Olimpico”, “Passione”, “Ulisse”, “Ti amo cosi” композициялары мәтінінің авторы, ресейлік ақын Лилия Виноградова DK Media World EFC (@dk_media_world) редакциясына берген эксклюзивті сұхбатында артиспен жұмыстан алған әсері туралы айтып берді. Лилия Виноградова өлең шығарады, сонымен бірге, орыс, итальян, ағылшын және француз тілдерінде орындайтын көптеген танымал әншілер мен ресейлік және шетел сазгерлерінің музыкасына сөз жазады. Ол композитор Игорь Крутоймен бірлескен автор ретінде танымал, бірлесе отырып, қазіргі танымал опера әншілеріне «кроссовер» жанрында керемет туындылар әзірледі.  

Жас орындаушы мен оның вокалды мүмкіндіктері туралы қалай және қашан білдіңіз деген сауалға Лилия Игоревна Игорь Крутойдан жаңа әнді кім орындайтыны туралы естігенге дейін Димаш туралы, оның феномен екенін, Youtube желісінен көріп келгенін жеткізді.

«Димаштың дарындылығының ауқымын қалай түсінетінімді айқындап бергім келеді. Көз алдыңызға табиғаттың өзі ғасырлар бойы жасап беретін алмаз тасты елестетіңізші. Жарық дүниеге жол тартады, оны адамдар тамашалайды, қол тигізіп көреді, рахат алады. Димаштың табиғаты да осындай жаратылысқа ұқсас. Ол өте жас. Оған әлі еңбектену керек, бастысы – негіз бар. Әрі қарай барлығы Димаштың өз қолында, осы мүмкіндікті қаншалықты пайдала алады, шығармашылығын қаншалықты жетілдіреді, еңбексүйгіш бола ма, от пен суды кешіп өте ме, барлығы өзіне байланысты».

Ең бастысы және ең қиыны, Лилияның пікірінше, атақ-даңқты алып жүру: «Планета деңгейінде танымалдылыққа ие болды, оның жанкүйерлері посткеңестік кеңістікпен шектелмейді, барлық континентте бар. Меніңше, ол тағдыр тарту еткен барлық сын атаулыдан жеңімпаз болып шығып, өзіне тиесілі талантқа сай болады. Оған бар жақсылықты шын жүрегімнен тілеймін, оның шығармашылығына, қарапайымдылығына тәнтімін».

Лилия Виноградова Media World редакциясына берген сұхбатында шығармашылық тандемінде әннің қалай туындайтыны туралы баяндап берді.

«Игорь Яковлевич Крутоймен таныстығымызға біраз болды, бұрыннан жұмыс істеп келеміз, сондықтан бірлескен жұмысымыздың өз механизмі бар.

Өзім музыкант болғандықтан, мен үшін музыка маңызды, сондықтан ән жазғанда мен музыкаға мәтін жазамын. Сәйкесінше, мен ол музыкалық материалды жақсы көруім керек, оған еніп кетуім керек, музыканың көмегімен өлең жолдарым жазылады. Игорь Яковлевич Крутоймен барлық бірлескен жұмыстарымыз осылай дүниеге келді: Д. А. Хворостовскийге арналған цикл да, Суми Джоға арналған альбом да, Анны Нетребко мен Юсиф Айвазовқа арналған альбом да, Лары Фабиан мен өзгелерге арналған альбомдар да осылай пайда болды.

Ал қазір шығармашылық симбозымызға жаңа элемент – Димаш қосылды. Өте жас, өзгеше адам, бейтаныс жан, алайда өте қызық, бейкүнә, өзінің жаңашылдығымен бізді толықтай баурап алды. Сондықтан біз онымен қуана жұмыс істейміз. Тіпті, бар жан-тәнімізбен беріліп жұмыс істеп жатырмыз: бар қабілетімізді, шығармашылығымызды, тәжірибемізді, талантымызды салып жатырмыз, және бастысы, Димашты қайткенде тек жақсы қырынан көрсетеміз деген тілекпен жұмыс істейміз. Өйткені, ол тума талант және өте дарынды жігіт.

Димаш жаңадан өсіп келе жатқан өскін секілді, оған нәр беріп, суарып, күн сәулесі түсетін жерге қойғымыз келеді. Қайткенде оның таланты жарқырай түссе екен, қайткенде ұзағынан жанса екен дейміз, өйткені, оның өзі жарқын, болмысы ерекше. Өнерде болмысынан маңызды ештеңе жоқ. Ешкімге ұқсамайтыны, өзіндік бейнесі, өзіндік дауысы – міне, осылар, ең бастысы. Мәселе – оның дауысының қанша октава орындай алатынында емес, техникалық мүмкіндіктерінде емес. Мәселе – оның жүрегінің кеңдігінде, ақылы мен парасаттылығында, осы жарқын қасиеттерінің техникалық және вокалды мүмкіндіктерімен ұштасуында».

Игорь Крутой мен Лилия Виноградованың Димаш үшін алғаш жазған туындысы – 2019 жылы Минскте өткен ІІ Еуропалық ойындардың ашылу салтанатына арнайы итальян тілінде жазылған “Olimpico” композициясы болатын.

Кәсіби мамандар пікірінше, “Olimpico” кантатасы мінезі, энергетикасы, диапазон кеңдігі мен арасындағы иірімдері жағынан алғанда қайталанбас музыкалық шығарма. Ол тек Димаштың вокалдық мүмкіндіктеріне арнап жазылған, қазіргі таңда тек Димаш орындай алады.

Димаштың орындауында “Passione” туындысының тұсаукесері «Жаңа Толқын 2019» фестивалінде үлкен жаңалық болды. Игорь Крутойдың «Мұз рапсодиясы» Мерейтойға арналған Шоуында Аида Гарифуллина және Лара Фабианмен орындаған “Ulisse” дуэті мен “Ti amo cosi” триосы тыңдарманға  ұмытылмас сезім сыйлады.

Осы әндердың барлығына мәтінді Лилия Виноградова итальян тілінде жазды. Media World редакцияының неліктен итальян тілінде деген сауалына ақын келесідей жауап берді:

«Біріншіден, итальян тілі – табиғатынан музыка тілі саналады, вокалистің ашылуына мол мүмкіндік беретін тіл. Ән айтуға арналған ең керемет тіл. Опера өнерінің Италиядан тарауы да бекер емес. Итальян тілі – халықаралық музыка тілі. Екіншіден, И. Я. Крутой екеумізде «кроссовер» жанрындағы шығармалардың денін итальян тілінде жазу керек деген ұстаным бар».

2019 жылдың желтоқсанында Димаштың орындауындағы “Olimpico” туындысы «Жыл әні 2019» атанды. Композиция авторлары Игорь Крутой мен Лилия Виноградова әншінің қуанашымен бөлісті.

Біз адам қызығарлық шығармашылық тандемге қайталанбан жаңа шығармалар мен жарқын жетістіктер тілейміз!

Материалды DK Media World редакциясы әзірлеген.

DimashNews.com

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысы президент тапсырмасын тиімді орындауда

admin_mugalzhar

Қазақстан бойынша «Олимп» букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылды

admin_mugalzhar

Білім мазмұнын жаңарту уақыт талабы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.