«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңаөзенде балалар ауруханасында қызметкерлер 37 миллион теңгеден аса ақша жымқырған

Жаңаөзенде балалар ауруханасында екі қызметкер 37 миллион теңгеден аса ақша жымқырған, — деп хабарлайды «Лада».

Маңғыстау облысының прокуратура өкілдерінің айтуынша, аурухана қызметкерлері интернет-банкинг арқылы негізсіз аударымдар жасап, кейін бюджет қаражатын жеке шоттарына аударған.

Осы жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс арнайы прокурорлар басқармасының өндірісіне алынды.

«Бүгінде мемлекетке келтірілген шығын толықтай өтелді», — деді прокуратурадағылар.

tengrinews.kz

Ұқсас ақпараттар

Елімізде 1,9 миллион адамның табысы артады

admin_mugalzhar

БИЗНЕС БАСТАУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

admin_mugalzhar

Актюбинские аграрии стали эффективнее работать

admin_mugalzhar