«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІРЛІКТІҢ ҚАРБЫЗЫ — ТӘТТІ

Бірлік ауылында бүгінде диқаншылық кәсіп кең қанат жайып келеді. Бірлік ауылының тұрғыны Дастанбек Ибраев ауыл аумағынан суармалы жерлерді игеру мақсатында 3 гектар алқапқа көктем мезгілінде көкөніс (картоп) пен дәнді дақылдар (қарбыз-қауын) отырғызып, қазіргі таңда өз жемісін көруде. Сонымен қатар ауыл жастарын жалдамалы жұмысқа тартып, уақытша жұмыспен қамтып келеді.

Алқаптарында әлі де пісіп жетілмеген өнім мол. Бұл дегеніміз сонау қара күзге дейін өнім болады деген сөз. Егістік алқапты суару үшін арнайы суаружүйесі тамшылатып суару әдісіменжұмыс істейді.
Қарбыздарды күн сайын Бірлік, Ембі, Саға, Шенгелши, Жағабұлақ ауылдарына жөнелтіп отырады. Бірліктік диқан келер жылы суармалы алқабын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Ұқсас ақпараттар

ӨШПЕС ЕРЛІК

admin_mugalzhar

Ақтөбеде жасалған тауарларға шетелде де сұраныс бар

admin_mugalzhar

АВТОМОБИЛЬ СГОРЕЛ ДОТЛА НА ДОРОГЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.