«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУРУХАНАДА 26 НАУҚАС ЕМ ҚАБЫЛДАУДА

Бүгінгі таңда аудандағы инфекциялық бөлімдерде індеттің ілмегіне ілінген 36 науқас кешенді ем қабылдауда. Оның 26-сы коронавирусты инфекциясын жұқтырған, 18-і коронавирусты пневмонияға шалдыққан.

Ауданның санитариялық мамандарының берген мәліметіне сүйенсек, өткен аптада өңірде коронавирусты инфекциясын жұқтырған 120 жағдай тіркелген. Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен 14 адам сырқаттанып қалған. Үй карантинінде 695 адам медициналық бақылауда отыр.

— Өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылы вирус жұқтырғандардың саны артып барады. Мұғалжар ауданы бойынша коронавирус инфекциясын 856 адам жұқтырды. Оның 467-нің клиникалық симптомдары бар, 389-ның клиникалық симптомдары жоқ науқастар. Індет басталғалы қосалқы диагнозы коронавирусты инфекциямен жалпы саны 19 науқас көз жұмды. Осы деректерді келтіре отырып, аудан тұрғындарынан түрлі мерекелік іс-шараларды, тойлар мен отбасылық той-думандарды өткізбеулерін сұраймын. Қауіп сейілген жоқ, сондықтан баршаңызды бетперде тағуға, қолды жиі жуып, антисептиктерді пайдалануға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамын, — деді ауданның бас санитариялық дәрігері Болатбек Шағалбаев.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

БОРЫШКЕРЛЕРДІҢ ҚАРЫЗЫ КЕШІРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде карантин жеңілдеді

admin_mugalzhar

БОЛАШАҚ МАМАНҒА — БАҒЫТ-БАҒДАР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.