Педагогтардың жалақысы 25 пайызға өседі

0
327
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде келесі жылдан бастап педагогтардың жалақысы көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше мектеп, колледж педагогтардың жалақысын көтеру туралы тиісті бұйрыққа қол қойылатынын айтты.
“2022 жылдың қаңтарында балабақша мен мектеп, колледж педагогтарының жалақысы тағы 25 пайызға өседі. 2021 жылдың қыркүйегінен педагогтарды жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді. Бұл тақырып бойынша талқылау мен пікіралмасулар болды. Талқылау нәтижесінде тиісті бұйрыққа жақында қол қойылды”, – деді министр.
Осы орайда бұған дейін педагогтарды жұмысқа қабылдауды директор жүргізсе, енді бұл қадамдар электронды форматта конкурс артқылы іске асырылады. Бұл ретте нақты көрсеткіштер мен өлшемшарттар бойынша мектеп пен комиссия педагогты қабылдау тұрғысында шешім қабылдайды. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл педагогтардың құқықтарын бұзу туралы жүзден астам өтініш қаралды.