«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қылмыстық процесс: ҮШ БУЫНДЫ МОДЕЛЬ ҚОЛДАНЫСТА

Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген міндеттемеден кейін 2020 жылдың 19 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданып, 2020 жылдың 31 желтоқсанында қолданысқа енгізілді.

Жаңа заңға сәйкес қылмыстық процестің үш буынды моделі қалыптасты. Енді қылмыстық қудалау органы қылмысты ашады, оған қатысты тұлғаларды анықтайды, дәлелдерді жинақтайды және бекітеді. Прокурор жинақталған дәлелдемелерге тәуелсіз баға беріп, азаматтардың құқықтарының бұзылуына тосқауыл қояды, азаматтардың қылмыстық процестің орбитасына заңсыз таралуына жол бермейді, сотта мемлекеттік айыптауды қолдайды. Ал сот қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне түскен шағымдарды қарайды және түпкілікті шешім қабылдайды.
Аталған қылмыстық процестің үш буынды моделі — азаматтардың құқықтарының дер кезінде қорғалуын қамтамасыз етеді және жоғары халықаралық стандарттарға жауап береді. Осы орайда, жаңа заң
аясында прокуратураның функционалдық міндеттері күшейтіліп, қылмыстық процестегі негізгі шешімдер прокурордың келісімімен және бекітуімен қабылдануда.
Қандыағаш көлік прокуратурасы.

Ұқсас ақпараттар

ДӘСТҮР: ЖАҢҒЫРҒАН, ӘЛДЕ ЗАМАНАУИ?…

admin_mugalzhar

РАНТ МҮШЕСІ СТУДЕНТТЕР МЕН ОҚУШЫЛАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

admin_mugalzhar

Жарасымды жамағаттың діні көркем

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.