«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Үздік мұғалімдер мен білім беру ұйымдары марапатталды

«Ақтөбеде облыс ұстаздарының «Білім — елдің тұрақты дамуының кепілі» атты жыл сайынғы дәстүрлі тамыз пленарлық отырысы өтті. Пленарлық отырыстың жұмысына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, кәсіподақ ұйымдарының төрағасы, педагогтер мен ата-аналар қатысты», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі мұғалім мамандығының маңыздылығын, мемлекет тарапынан осы мамандықтың  мәртебесін көтеруге, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті жас мұғалімдерді даярлауда жан-жақты шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
— «Алты Алаштың баласы қосылса, төр — мұғалімдікі». Мұны Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев өткен ғасырда айтқан. Содан бері қанша уақыт өтсе де, бұл асыл сөз өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Мұғалімнің мәртебесін шынайы анықтайтын фактор — оқушының мұғалімнен алған білімі. Білім саласындағы реформалар осыған басымдық бергенде ғана мұғалімнің шынайы мәртебесі анықталады. Педагогтердің жағдайын жақсартатын барлық нормалар бекітілді. Педагог мәртебесі туралы Заң мұғалім мәртебесінің қоғамдағы беделін шынайы көтеруге бағытталған. Осы мақсатта «Ақтөбе облысының үздік педагогі» төсбелгісі, «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» құрметті атағы, біржолғы сыйақы төлемдері тағайындалды. Алдағы уақытта да бұл қолдау жалғасын табатын болады, — деді облыс әкімі.
Жиын кезінде облыс әкімі облыстық білім басқармасы мен мұғалімдердің алдына білім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған бірқатар міндеттер қойды.
— Біздің бүгінгі стратегиялық бағытымыз — әлемдік деңгейдегі озық тәжірибелерді пайдаланып, өз еліміздегі даму, өркендеу сатысындағы игі істерді ұлттық құндылықтармен байланыстыра отырып ұрпақты тәрбиелеу.
Биыл тамыз жиыны инновацияларды енгізу, техникалық және кәсіби оқу мекемелерінің қалыптасуы мен дамуы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сынды өзекті мәселелерді талқылайтын диалог алаңы болды, — деді өңір басшысы.

Жиын соңында облыстың 15 үздік ұстазына ҚР Білім және ғылым министрлігінің төсбелгісі, тағы жиырма ұстазға облыс әкімінің 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай марапаты табысталды. Бұдан өзге «Үздік білім беру ұйымы» облыстық байқауының жеңімпаздарына сертификаттар берілді. Олар: М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Новый орта мектебі, Шалқар қаласының №1 мектеп-гимназиясы және Ойыл ауданындағы Ш.Бекмұхамбетова атындағы орта мектеп.

Ұқсас ақпараттар

Оппозиция Абхазия президенті әкімшілігін басып кірді

admin_mugalzhar

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

admin_mugalzhar

ЖИЗНЬ ПОД СТУК КОЛЕС

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.