«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

3000 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ БАЛА БАЛАБАҚШАҒА БАРАДЫ

ЕЛІМІЗДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮ МӘСЕЛЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА ОҢ ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ. БІР ҒАНА МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА БҮГІНДЕ 28 БӨБЕКЖАЙБАҚША, 24 МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАУДА. ОЛАРДА ҚАЗІРГІ ТАҢДА 1-6 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ 3744 БАЛА ТӘРБИЕЛЕНУДЕ. АУДАН БОЙЫНША МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУМЕН 1-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ҚАМТУ 83,1 ПАЙЫЗ БОЛСА, 3-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР 100 ПАЙЫЗ ҚАМТЫЛЫП ОТЫР.

Қандыағаш: 9 балабақша

Жалпы аудан бойынша 1991 жылдан тамыр тарқататын болсақ, Тәуелсіздік алған жылдары аудан аумағында 50 балабақша жұмыс жасап тұрған болса, 1992-1995 жылдараралығындатүгелгедерлік жабылып, 2 балабақша ғанажұмысын жалғастырған екен. Осы балабақшалардың бірі, аудан орталығы Қандыағаш қаласындағы сол кезде «№24 типтік балабақша» деп аталған балабақшаның құрылысы 1985 жылы аяқталып, 1986 жылы қаңтар айында пайдалануға беріліп, мұнайшылар мекемесінің қарауында болған. Бүгінде «Күншуақ» деп аталған аталмыш балабақшада қазір 320 бүлдіршін тәрбиеленуде. Ал Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылы алғаш болып бой көтерген Қандыағаш қаласындағы «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы 1992 жылы пайдалануға берілген. Алғашында «Октябрь мұнай-газ өндіру» басқармасына қарасты №32 «Қарлығаш» балабақшасы болып жұмыс жасаса, 2010 жылы аудандық білім бөліміне қарасты «Қарлығаш» жалпыүлгідегімектепкедейінгі ұйым» МКҚКболыпқайта құрылды. Балабақша орналасқан ғимараттыңжалпыкөлемі – 3 838,8 шаршы метр. Жобалық сыйымдылығы бойынша 330 балаға арналған. «Қарлығаш» балабақшасында барлығы 82 қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде балаларды тәрбиелеу мен оқытуда 38 педагог қызметатқарады. Балабақшада14 топ жұмыс жасайды. Оның 10-ы қазақ, 4-уі орыс тобы. Сонымен бірге бөбекжай-бақшада туберкулез ауруына қарсы емдік-сауықтыру шараларын жүргізу және алдын алу мақсатында ашылған 1 санаторлық топ бар. Қандыағаш қаласында бүгінде бұдан бөлек 2 мемлекеттік бөбекжай-бақшасы және 5 жеке балабақша бар. Атап айтсақ, Мұғалжар ауданының білім бөліміне қарасты «Жансая» бөбекжай-бақшасы 2009 жылданбастап жұмысжасайды. Жалпы тәрбиеленушілердің саны — 140 бала. Бұндағы 6 топқа қосымша 2021 жылдың қаңтар айында сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы топ ашылды. Бұл топ ақысыз және онда қазіргі таңда 6 бала тәрбиеленуде. Балабақшада барлығы 18 педагог және 22 кіші қызметкер жұмыс жасайды.

Тағы бір мемлекеттік балабақша «Самал» бөбекжай-бақшасы. Аталмыш балабақша алғаш рет 2014 жылы тіркеліп, 2018 жылы меншік иесінің қайта өзгеруіне байланысты «Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылып, 2020 жылы аудандық білім бөліміне қарасты «Самал» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылған. Бөбекжайбақшасы 320 орынға арналған. 16 топ жұмыс жасайды. Осы аталған топтар үшін 41 педагог және кіші 42 қызметкер, жалпы саны 83 адам қызмет етеді. Сонымен қатар қалада «Нұр Бала Би», «Амалия А», «Нұршуақ», «Бақытты бала» және «Счастливое детство» №1 жеке балабақшалары жұмыс жасайды.

Ембі мен Жем: 5 балабақша

Оның бірі «Жұлдыз» бөбекжайбақшасы. Бұрынғы ескімешіт ғимараты 2007 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, 2008 жылдың қаңтар айынан бастап балаларды қабылдапкеледі. 100 орынғаарналғанбалабақшада қазіргі таңда 102 бала тәрбиеленуде және 31 қызметкер жұмыс жасайды. Ембідегі келесі балабақша — «Достық» бөбекжай-бақшасы 2010 жылы 24 наурызда ашылған. Қазіргі таңда 140 орынға арналған балабақшада 6 топ бар, оның 1-уі санаторлық емдік тобы. Осыдан 2-3 жыл бұрынғыға қарағанда балабақша кезегінде тұрған балалар саны Ембі қаласында ашылған жеке меншік балабақшалар есебінен азайған. Атап өтсек, «Нұр» балабақшасы 2016 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. 150 орынға арналған балабақшада 3 қазақ, 2 орыс, барлығы 5 топжұмыс жасайды. 2017 жылы 150 орынға арналып ашылған «Нұр-ДанаГС+» балабақшасы жаңартылған білім беру мазмұнымен жұмыс жасауда. Осындағы 5 топ бойынша 12 педагог, 12 кіші қызметкер еңбек етуде. Ал Жем қаласында қазіргі таңда 1 ғана балабақша қызметін атқаруда. «Балбөбек» деп аталатын аталмыш балақша 2006 жылы 100 балаға арналып ашылды. Қазіргі таңда жас ерекшеліктеріне байланысты 80 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мекемеде 28 қызметкер бар, оның 10-ы педагог мамандар.

Ауылдық округтер: 14 балабақша

Аудандағы ауылдық округтердегі бөбекжай-бақшаларға тоқталатын болсақ, ауылдардағы балабақшалар түгелге дерлік мемлекеттік болып табылады. Құмжарған ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылындағы №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының іргетасы1968 жылысалынған. 2007 жылы қайта қалпына келтіріліп, 2008 жылдан бастап жұмысын жалғастыруда. Балабақшада қазір 2 топта 50 бала бар. Бөбекжай-бақша жалпы 25 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал Қ.Жұбанов ауылдық округіне қарасты Қаракөл ауылындағы №7 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы 2008 жылы тамыз айында қолданысқа берілген. Балабақшада 1-5 жас аралығындағы 25 бала тәрбиеленуде және 5 қызметкер бар. Ауылда бала саны аз болғандықтан, жас ерекшеліктері әр түрлі болғаныменбалалардыңбарлығыбір топта тәрбиеленуде. Жұрын ауылында 2009 жылы «Сәуле» бөбекжай-бақшасы ашылды. 50 балаға арналған балабақшада жалпы 18 қызметкер жұмысқа тартылған. Ақкемер ауылындағы «Әділ» балабақшасы 2010 жылы 16 наурызда 50 балаға өз есігін айқара ашқан. 22 ақкемерлік еңбек етіп жатқан балабақшада бала санының артуына байланысты орын жетіспеушілігі кездеседі. Осы округке қарасты Көтібар ауылындағы «Балдырған» бөбекжай-бақшасы 2006 жылы ашыл-ған. 15 бала тәрбиеленіп жатқан балабақшада 13 қызметкер бар. Орын жетіспеушілігі мәселесі 2006 жылы Жағабұлақ ауылында ашылған 50 орындық №3 «Балауса» бөбекжай-бақшасында да бар. Балабақшада 25 қызметкержұмыс жасауда. Ал Құмсай ауылдық округінде орналасқан «Бәйтерек» бөбекжай–бақшасы 2010 жылдың 16 желтоқсанында «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының аясында ашылған балабақшалардың бірі. Әуелде 50 орындық болып ашылған балабақшаның сыйымдылығы ауылдағы бала санының аздығына байланысты 25 орынға азайды. Мекемеде 6 педагог, 17 кіші қызметкер жұмыс жасайды. Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Саға ауылында орналасқан «Мөлдір» бөбекжай-бақшасы «Балапан» бағдарламасы аясында 2010 ашылған. Сыйымдылығы 50 балаға шақталған балабақшада қазіргі таңда 43 бала тәрбиеленуде. Жалпы 28 қызметкерді жұмыспен қамтып отыр. 2011 жылы Мұғалжар ауылында «Бөбекжай» балабақшасы ашылып, халықтықуанышқабөлегенеді. Балабақшада 4 жас ерекшелік бойынша топтар жұмыс жасайды. Қазіргі таңда мұнда 90 бала тәрбиеленуде. Жалпықызметкерсаны 36, оның 12-сі педагог. Мұғалжар ауылындағы 1-5 жасқа дейінгі балаларды 90 пайыз қамтып отыр. Қалған 10 пайызы мектеп жанындағы шағын орталықта тәрбиеленуде. Талдысай ауылындағы «Гүлдер» бөбекжай-бақшасы орналасқан 1 қабатты типтік ғимарат 1970 жылы салынған. Аталмыш ғимарат балабақшағаберіліп, 2009 жылдың сәуір айының 15-нен бастап жұмыс жасайды. 2016 жылы күрделі жөндеуден өткен балабақша ғимаратыныңжалпыалаңы — 198,2 метр. Бөбекжай-бақшада 20 қызметкер жұмысжасайды. Бүгіндебөбекжайбақшадатүрліжастобында 25 бала тәрбиеленуде. Қайыңды ауылдық округі орта лығы Қайыңды ауылындағы «Шапағат» бөбекжай-бақшасы 2010 жылы ашылып, 50 орынға арналып жабдықталған. Бақшада орын тапшылығы жоқ. Балабақшаға балалар мемлекеттік қызмет көрсету жүйесібойыншажылмажылқабылдануда. Бұл жерде 18 қызметкер жұмыс жасайды. Бұлақты ауылында орналасқан «Арай» бөбекжай-бақшасы 2010 жылы 16 желтоқсан күні салтанатты түрде ашылды. Бөбекжайда 1 топтантұратын 27 балатәрбиеалуда. Жалпы 24 қызметкер жұмыс жасайды. Осы округтегі Алтынды ауылындағы «Балапан» бөбекжай-бақшасы 2011жылдың 4 қарашасынан бастап балаларды қабылдап келеді. Қазіргі таңда 25 қызметкер 70 баланы тәрбиелеуде. Сағашилі ауылындағы «Дана» бөбекжай-бақшасы 2010 жылдың желтоқсан айында «Балапан» бағдарламасы аясында ашылды. Бөбекжайда жалпы 50 бала тәрбиеленуде. 48 бала қазақ ұлтынан, 2 бала венгр ұлтының өкілдері қазақ тілінде тәрбие мен білім алуда.

P.S. Мақала жазу барысында байқағанымыздай, қалалық жерлерде балабақшаға деген сұраныс жоғары. Оған балабақша кезегінде тұрған 637 бала саны дәлел. Бұл көрсеткіштің басымыауданаумағындағықалаларға тиесілі. Ал ауылдық жерлердің бірқатарында керісінше, ата-аналар баласын балабашаға беруді қажет деп таппайтынын айтады балабақша меңгерушілері. Бұл – балабақшасанының азайып, қызметкерлерінің қыс-қаруына алып келері анық. Бүгінгідей мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің маңызына мән артқан заманда балабақша жұмысының жүйелі болуы ғана емес, сұраныстың болуы да маңызды екенін ұмытпасақболғаны…

Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

С днем рождения, коллеги!

admin_mugalzhar

Ақтөбеде тағы да студенттер төбелесті

admin_mugalzhar

Мажарстанда Абайдың құрметіне ескерткіш орнатылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.