«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жердің де сұрауы бар

Коммерциялық мақсатта берілген жерлер тиімді пайдаланылмаса мемлекет меншігіне қайтарып алынады. Бүгінгі таңда, ауданда осы бағытта қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы жуырда аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Ізтұрған Ешниязов «М» тілшілеріне берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, қазіргі күні 6364 шаршы метр коммерциалық мақсатта берілген жер тиімді пайдаланылмауының салдарынан аталған жердің иелеріне облыстық жердің пайдаланылуымен қорғалуын бақылау жөніндегі басқарамасына шара қолдану үшін құжаттар жолданған.

-Бұл коммерциялық мақсатта алынып, игерілмей отырған жерлердің негізгісі Қандыағаш қаласында. Біздің тарапымыздан жолданған құжаттар бойынша облыстық жердің пайдаланылуымен қорғалуын бақылау жөніндегі басқарамасы аталған жерлердің не себепті пайдаланылмай отырғандығын тексереді. Құқық бұзушылық анықталып жатса, жалға алған иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырады. Сондай-ақ, жерді пайдалануға алған адамға мүмкіндігіне қарай уақыт береді. Ал егер сол уақытқа дейін жерді жалға алған азамат құрылыс жұмыстарын жүргізбесе, сот арқылы мәжбүрлі түрде жер мемлекет меншігіне қайтарып алынады.  Сонымен қатар, оның жылына жалға төлейтін ақысы 10 есеге артады. Мәселен, жерді жалға алған тұлға жылына 35-40 мың теңге төлеп отырса, сол жерді тиімді пайдаланбағаны үшін сот мәжбүрлі түрде тартып алған жағдайда әлгі сомманы салық ретінде 10 еселеп төлейді. Оның бұл қаражаты мемлекеттің қазынасына түседі. Сондықтан, ол бұдан жалтара алмайды. Осыған орай, жерді коммерциялық мақсатта жалға алған адамдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Себебі, әрмен қарай пайдалануға мүмкіндігі жетпейтіндігін айтып, өз еркімен кері қайтарып берсе, ол бұдан босатылады. Мұның барлығы да ескертілуде. Кейбір кәсіпкерлер өз еріктерімен қайтаруда. Ал ырыққа көнбегендерді жоғарыда атап кеткен басқармаға жібереміз. Қолға алынып жатқан іс-шаралардың барлығы Қазақстан Республикасының Жер қатынастар туралы заңының шеңберінде жүзеге асып отыр, — дейді аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Ізтұрған Ешниязов.

Бұл аталған шара ауылшаруашылық мақсатында жер алып пайдаланбай отырған шаруа қожалықтарына да қолданылады. Бөлім басшысының айтуынша, биылдың өзінде 18 шаруа қожалық иелеріне тиісілі 24520 гектар жердің тиімді пайдаланылмауына байланысты тиісті құжаттар басқармаға жолданған. Оның 12-не ауылшаруашылық құрылымдарына арналған 10700 гектар жерге қатысты заң бұзушылықтар анықтауына байланысты әкімшілік хаттама толтырылып айыппұл салынды.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСТІН ДӘМІ ӘЛІ ЕСІМДЕ

admin_mugalzhar

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісім жасады

admin_mugalzhar

АРДАГЕРЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.