«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Азық-түлік бағасы бақылауда

Мұғалжар ауданында азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы бақылауға алынып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда қазіргі күні бағалардың шамадан тыс көтерілу тенденциясы анықталған жоқ. Тек жаз айларындағы жеміс-жидектер мен көкөністер бағасы бойынша ғана өсім бар.

Бұл туралы Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі хабарлайды.

Бөлімнің берген мәліметіне сүйінсек, күнделікті қажеттіліктегі тағам түрлерінің бағасы басты назарда. Жалпы мониторинг бойынша, биылғы жылдың қараша айымен 2016 жылдың қараша айындағы бағаларын салыстырсақ 5 пайызға өскен. Мәселен, бидай ұны – 85-тен 87-ге, пияз —  80-нен 85-ке, сәбіз – 100-ден 110-ға, картоп – 90-нан 110-ға, құмшекер – 190-нан 197-ге, пастерленген сүт 2,5% — 215-тен 225-ке, тұз – 40-тан 41-ге, күнбағыс майы – 327-ден 335-ке, жұмыртқа – 220-дан 230 теңгеге көтерілген.

«Сауда рента үшін жүргізіледі. Алушы қажет тауарды мерзімінде, яғни табиғи кезеңге сай алып, экономикалық ойлау мен алдын алу парадигмасын қолданып отыруды дағдыға айналдырса, бағадан ұтылмаудың бір жолынан шығар еді» , – дейді аудандық кәсіпкерлік бөлім басшысы Ілияш Еркінқызы.

Алтын СҮЛЕЙМЕН

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда қай өңір тұрғындарының табысы жоғары екені анықталды

admin_mugalzhar

2022-2023 оқу жылына арналған кесте: Оқушылар қанша күн демалады

admin_mugalzhar

ҚҰМСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.