«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Инесіз салынатын укол әзірленді

Қазір зерттеушілер ауыртпай салынатын егу әдістерін іздеп жатыр. Көпшілік укол салғанда ауырады және қан тамырлары арқылы салынған ондаған уколдан кейін көгеріп қалады деп қорқады. Осындай себептермен кейде адамдар тиісті егуіне бармай да қалады. Сондықтан ғалымдар инесіз салынатын укол әзірледі, деп хабарлайды TengriMIX-ке сілтеме жасаған Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл проблеманы PRIME құрылғысы арқылы шешуге болады. Portal Instruments жобасы инесіз укол салатын құрылғыны әзірледі. Қазір жапониялық Takeda компаниясы жобаны қолдап, шартқа отырды. Содан кейін құрылғы сатылымға шыға алады.

Көлемі жағынан жаңа гаджет электр ұстарасынан үлкендеу. Инъекцияның дозасы бір рет қолдануға арналған контейнерге микроскоптық тесік арқылы құйылады. Содан мықты электромагнитті механизм дәріні үлкен жылдамдықпен (сағатына 720 километрге жуық) итереді. Соның арқасында дәріні жіңішке ағынмен қатты қысым арқылы теріге кіргізіп жібереді. Сол кезде адам ешқандай ауру сезінбейді және артық дыбыс шықпайды.

Бұл құрылғы инъекция салудың уақытын да қысқартады. PRIME-ның көмегімен 1 мл дәріні жарты секунд ішінде салуға болады. Ал кәдімгі укол арқылы 10-20 секунд уақыт кететін. Құрылғыны ойлап тапқандар арнайы қосымша да әзірледі. Онда инъекцияның кестесін қадағалап, емдеуші дәрігерге ақпарат жіберіп отыруға болады.

Мамандар құрылғы қан арқылы жұғатын түрлі аурулардың қаупін де төмендетеді деп отыр. Айтпақшы, организмге анаша егуде қолданудың алдын алу үшін болашақта бұл құрылғы дәрігердің арнайы рұқсатымен ғана сатылады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

admin_mugalzhar

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ға жетті

admin_mugalzhar

Биыл елде 112 «Келешек мектебі» қолданысқа беріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.