«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Əкесі өртеген екі баланың бірі, 18 жастағы қыз тірі – полиция

20 желтоқсан күні Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы жатақханада шыққан өрттен зардап шеккен қыздың тірі екені анықталды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігінің Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған мәліметіне сүйеніп Mugalzhar.kz хабарлайды.

Агенттік тілшісіне берген сұхбатында Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбей Нұрахмет кеше бұқаралық ақпарат құралдарында Өтеген батыр ауылында 44 жастағы ер адамның балаларын өртеуіне және қаза болғандарға қатысты қате ақпарат тарағанын айтты.

Жатақханадағы өрттен зардап шеккен 18 жастағы Аружан Қанат қазір ауыр халде Іле ауданындағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін күресуде. Baq.kz ақпарат агенттігі осы оқиғаға байланысты кеше жарияланған ақпаратта кеткен қате мәлімет үшін кешірім сұрайды.

Естеріңізге сала кетсек, жантүршігерлік оқиға желтоқсанның 19-ынан 20-сына қараған түні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы жатақханада болған-ды. Осында 1971 жылы туған әйел бір қыз және бір ұлымен тұрған. Түнге қарай оның осы аудандағы Байсерке ауылында тұратын бұрынғы күйеуі келген. Біраз уақыттан соң бөлмеден өрт шыққан.

Мәліметтер бойынша, ер адам бензинді өзінің үстіне шашып, сосын от қойған. Әйел басында қашып шыққан. Бірақ іштегілерді құтқару үшін қайтадан жүгіріп кірген. Ол 1999 жылы туған қызын алып шыққан. Өрт салдарынан ер адамның өзі және оның 2005 жылы туған ұлы сол жерде қайтыс болды. Денесінің басым бөлігі күйген қыз ауруханаға жеткізілген.

Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбей Нұрахмет аталған оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бап, 2-тармағы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Ұқсас ақпараттар

4 мамырдан бастап фотосалондар мен шаштараздар жұмысын бастайды

admin_mugalzhar

Пробация қызметкерлері ақтөбеліктің жаңа үйінің іргетасын құйып берді

admin_mugalzhar

Америкалық топ Абайдың әнін орындады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.