Жол көлік оқиғасы көбейіп кетті

0
2757

Биылғы жылдың соңғы жеті айындағы көрсеткіш бойынша ауданда жол көлік оқиғасы былтырғымен салыстырғанда артып отыр.

Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың жеті айында 6 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам дене жарақатын алып, 1 адам қаза тапты. Ал биылғы жылы 16 жол көлік оқиғасы болып, одан 18 адам жарақаттанып, 4 адам көз жұмған. Жол апаттарының дені аудан аумағындағы республикалық маңызы бар тас жолда болған.

Айта кетейік, өткен аптада Қандыағаш-Ақтөбе тас жолында тағы бір жол көлік оқиғасы болды. Салдарынан 4 адам қаза тауып, өзге жолаушылардың барлығы ауруханаға түсті. Мәлімет бойынша, жол көлік оқиғасына «Lada priora» көлігінің жүргізушісі себеп болған. Ол қатты жылдамдықпен қарсы бетке шығып кетіп, Ақтөбе-Қандыағаш бағытына жолаушылар тасымалдайтын «Ларгус» такси көлігіне соқтығысқан. Қазіргі таңда, істің мән-жайы қаралып жатыр. Бұл оқиғаны қосқанда орын алған жол көлік оқиғасынан адам шығынының саны тіптен көбейіп кетті.

P.S. Жолдағы адам айтқысыз жантүршігерлік апаттардың болып жатқандығы жүргізушілердің жауапсыздығы. Олар өздерінің өмірлерін ғана емес, өздеріне сеніп мінген жолаушылардың да өмірлеріне кесірін тигізіп жатыр. «Қате» дейді. Сақтанып сақ айдап, қателікке жол бермесе, қаперден қателік тумайды. Соны ескеріп, абай болғандарыңыз абзал!  

Әнуар ЕСҚАРА