«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Димаш Құдайберген Ресейде «Жылдың ең үздік әншісі» атанды

Танымал әнші Димаш Құдайберген Ресейде «Жылдың ең үздік әншісі» атанды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Қымбатты достар, сіздер екі күн бұрын Ресейдің ұлттық музыкалық «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанымды білесіздер, мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді, бүгін «Жыл әні» сыйлығында мен Ресейдегі «Жылдың ең үздік әншісі» деген тағы бір марапатқа ие болдым. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге және Ресей халқына рахмет. Мен сiздердi жақсы көремін. Жеңісімді барша Қазақстандықтардың және барлық #dears-тардың құрметіне арнадым», — деп жазды Димаш.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алған болатын.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

«ЖҰМЫС БЕРУШІ КҮНІ» ӨТТІ

admin_mugalzhar

Ішкі жалпы өнім өсімі 6%-ға жетті

admin_mugalzhar

Қазақ әншісі Витебскідегі «Славян базары» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.