«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2024 жылы Ақтөбе әуежайы 985 мың жолаушыға қызмет көрсетті

Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы аймақтың әлеуметтік-экономикалық маңызы бар стратегиялық нысаны болып табылады. Әуежай терминалының өткізу қабілеті сағатына 400 жолаушыны құрайды, кей кездері 3-4 рейс қатар орындалған уақытта 1,5 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетіледі.

Ақтөбе облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықаралық әуежайдың 2024 жылғы көрсеткіштерімен бөлісті. Оның айтуынша, әуежай жыл сайын әуе кемелері мен жолаушыларға қызмет көрсету көлемін артырып келеді.

«2024 жылдың қорытындысы бойынша біздің әуежайда 985 мың жолаушыға қызмет көрсетілді. Бұл көрсеткіш республикалық әуежайлар арасында 6 орынға ие. Президент тапсырмасы бойынша Ақтөбе әуежайына жүктерді жинақтау, тарату бойынша бәсекеге қабілетті және сапалы қызмет көрсететін мультимодальды орталықтардың біріне айналу міндеті жүктелді. Осы мақсатты әуежайда отын кешенін жаңғырту, заманауи қойма инфрақұрылымын салу және әуежай аумағында арнайы экономикалық аймақ құру жобалары жүзеге асырылуда» — деді Айбек Қайыр.

Басқарма басшысы халықаралық әуежай 2024 жылы Түркия (Ыстамбұл қаласы) және Біріккен Араб Әмірлігінен (Дубай және Шарджа қалалары) 10,1 мың тонна жүк тасымалданып, республика бойынша жүк тасымалының көлемі жөнінен 2 орынға ие болғанын атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

НАЗЕРКЕ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

admin_mugalzhar

ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАЛАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.