«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қытай 8 күнде салынған аурухананы пайдалануға бергелі жатыр

Қытайда вирус жұқтырғандар саны артып жатқандықтан, мемлекет билігі коронавирус ошағы саналатын Ухан қаласының орталығынан жаңа аурухананы ашуды жылдамдатпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

«Мың орындық аурухана небәрі сегіз күнде салынды. Бұл — коронавируспен күресуге арналған екі мекеменің бірі. Қазіргі таңда Қытайда вирус жұқтырғандар саны 17 мыңнан асты. Ал коронавирустан 361 адам қаза тапты», деп жазады басылым.

Автордың жазуынша, Қытайдан тыс жерде вирус жұқтырғандар саны — 150 адам. «Хубэй провинциясындағы ауруханалар лық толы. Сол себепті жаңа аурухананы пайдалануға беру уақыты жылдамдатылады», деп жазады басылым.

Ұқсас ақпараттар

САҒА АУЫЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

admin_mugalzhar

Ата-аналар вакцинадан бас тартуға құқылы — Денсаулық сақтау министрлігі

admin_mugalzhar

Ерлан Қошанов — Мәжіліс төрағасы

admin_mugalzhar