«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Коронавирус: Жапонияда 3500 жолаушы кемеден шыға алмай отыр

Жапонияда бортында 3,5 мың адам бар Diamond Princess круиздік лайнері коронавирус салдарынан Йокогама портына карантинге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

«Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері ауырған бірнеше жолаушыны тестен өткізгенше, шамамен 2500 жолаушы мен Diamond Princes экипажының 1000 мүшесі бүгін, 4 ақпанда кешке дейін кемеде қалуы керек», — делінген жарияланымда.

Бұған дейін Халықаралық круиз желілері қауымдастығының мүшелері коронавирустың таралуына байланысты өз лайнерлерінің бортына қытайдан оралған немесе соңғы екі аптада осы елге саяхаттаған адамдарды жібермейтінін хабарлаған болатын. 50 круиздік желінің мүддесін жақтап, қорғайтын Халықаралық круиздік желілер қауымдастығы да Қытай аумағында барлық экипаждарының қозғалысы тоқтатылатыны туралы мәлімдеген.

Сонымен қатар Norwegian Cruise Line-да барлық жолаушыларға, шыққан және баратын жерлеріне қарамастан, дене қызуын міндетті тексереді. Дене қызуы 38° C-тан жоғары саяхатшыларды лайнер бортына кіргізбейді.

Ұқсас ақпараттар

В АВТОБУСЕ ЗАМКНУЛА ПРОВОДКА

admin_mugalzhar

«МҰҒАЛЖАР» — ЕҢБЕК ЖОЛЫМНЫҢ БАСПАЛДАҒЫ

admin_mugalzhar

Қандыағашта жол апаты болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.