«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Абайдың 175 жылдығына орай түсірілетін телехикаяға кастинг жарияланды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай түсіретін телехикая актерлеріне байқау жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат телеарнаның Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Кастингке арнайы актерлік білімі бар, 17 мен 40 жас аралығындағы қолаң шашты, қою қасты қыз-келіншектер мен 15 пен 50 жас аралығындағы кескін-келбеті келіскен, атқа отыра алатын ер-азаматтар қатыса алады.

«Бұған дейін телехикаяның сценарийіне байқау жарияланып, отандық тәжірибелі өндірушілерден үш ай бойы өтінім қабылданған болатын. Бүгіннен бастап телерадиокорпорацияның шығармашылық бірлестігі мен арнайы құрылған Көркемдік кеңестің қабылдаған нұсқасы бойынша түсірілім жұмыстарына әзірлік басталды» делінген хабарламада.

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (фото, видео) 15 ақпанға дейін casting.abai@kaztrk.kz поштасына жолдай алады.

Қосымша ақпарат: 8 747 706 64 94, 8 707 401 55 91.

Ұқсас ақпараттар

Самет АЗАП, түркі әдебиетін зерттеуші маман: «Мақсатым – қазақ жастарына түрік әдебиетін оқыту»

admin_mugalzhar

Қазақстанда бала өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

admin_mugalzhar

Сборная Казахстана прибыла в Литву на матч Лиги наций

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.