«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе кәсіпкерлеріне абаттандырылған аялдама пункттерін орнату ұсынылады

Бизнесмендер қоғамдық тамақтану, сауда және т.б. нүктелерін аша алатын жер учаскесін жалға алады. Жобаны қалалық әкімдік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп іске асырады, деп хабарлайды Mugalzhar.kz тілшісі.

Сауда павильондары бар аялдама пункттерін орналастыру және қызмет көрсету үшін жер учаскелерін жалға алу бойынша сауда-саттық өткізу наурыз айына жоспарланған. Бұл туралы қалалық жер қатынастары, сәулет
және қала құрылысы бөлімінің өкілдері «Атамекен»палатасында өткен дөңгелек үстел барысында айтты.

Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Әлібек Серікбаевтың айтуынша, жүзден астам жаңартылған аялдама пункттері қарқынды жолаушылар ағыны бар учаскелерде пайда болады.

Жұмыс істеп тұрған нысандардың орнына жабық, бірыңғай дизайны бар, қала тұрғындары үшін ыңғайлы, автобус күтетін болады. Павильондар жылы, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орындар, электронды табло болуы тиіс.

Техспецификацияда ерекшеліктер айтылған шарттарды орындаған жағдайда, жер учаскесі 20 жылға жалға берілетін болады.

Бүгінгі таңда облыс орталығында 700-ден астам аялдама конструкциялары орнатылған. Әлі 300 — ге жуық қажет. Байқау шарттары бойынша пункттерді орнату және жабдықтау жөніндегі іс-шараларды ағымдағы жылдың шілде айында аяқтау қажет.

Алдағы конкурс туралы толық ақпаратты келесі мекенжайы бойынша білуге болады: Ақтөбе қаласы, Ы. Алтынсарин көшесі, № 2.

Ұқсас ақпараттар

ЖАРКЕМЕРГЕ ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

Токио Олимпиадасы коронавирусқа қарамастан өткізілетін болды

admin_mugalzhar

АХМЕТ ЖҰБАНОВҚА — 115 ЖЫЛ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.