Қандыағашта “Орамал аруы – 2020” сайысы өтті

0
275

Жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орай әйел жамағаты арасында «ОРАМАЛ АРУЫ-2020» сайысы өтті, деп хабарлайды “Мұғалжар” тілшісі.

Таныстыру, өз өнерін көрсету, сән үлгісі және ас мәзірін әзірлеу секілді 4 кезеңнен тұратын сайыста 6 ару бақ сынады.
Байқаудың мақсаты – әйел жамағатын қоғамдық іс-шараларға белсене араластырып, қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, тілін, дінін кеңінен насихаттап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.⠀

Бәйгеден озып шығуға бар күш-жігерін, білімі мен өнерін салған қатысушылардың тыңғылықты дайындықпен келгені соншалық, ұлттық тағамымыз етті, палауды, бауырсақты, наурыз көжені өте дәмді әзірлеп, мың бұрала би билеп, екі шекті домбырамен күй де тартты, ән де айтты. Замануи үлгіде жасалған бауырсақ толы сәукеле жиналған көрерменнің көзайымы болды.⠀

Тартысты өткен сайыс барысында өз өнерлерін ортаға салып, әділқазылар алқасының көңілінен шыққан Мұратова Арайлым бас жүлдені қанжығасына байлады. 1 орынды Сарина Аида иеленсе, 2 орынға Мұратова Фариза жайғасты. Ал 3 орынға Каумбаева Ақмарал ие болды. Екі қатысушы «Сымбатты ару» және «Инабатты ару» номинациясын жеңіп алды. Барлығы бағалы сыйлықтармен, «Алғыс хаттармен» марапатталды.