«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында ит пен мысық етін жеуге тыйым салынды

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында алғаш рет ит пен мысықтың етін жеуге тыйым салынды. ВВС сайтының хабарлауынша, мұндай заң 1 мамырдан бастап күшіне енеді.

Қаңтардың басында Қытайдың Ухань қаласында коронавирустың жаңа түрі тараған соң ақпанның соңында Коммунистік партия елде жабайы аңдардың етін жеуге және сатуға тыйым салған.

Бірақ Шэньчжэнь қаласы басшылығы ит пен мысық етін жеуге тыйым “вируспен күрес емес, үй жануарлары мен адамдар арасында ежелден қалыптасқан ерекше қарым-қатынасты нығайту үшін салынғанын” айтады

«Басқа жануарларға қарағанда, ит пен мысық ұстайтын адамдар бір-біріне бауыр басып қалған. Дамыған мемлекеттерде ит пен мысықты тамақ ретінде қолданбайды. Олардың арасында Гонконг пен Тайвант да бар» деді Шэньчжэнь қаласының басшылығы. Бұл ақпаратты Reuters агенттігі таратты.

Жануарлар құқығын қорғайтын халықаралық Human Society International (HIS) ұйымы Шэньчжэнь басшылығының бұл шешімін жоғары бағалады. Ұйым дерегінше, аталған қадам жылына тамақ ретінде сатылатын 10 миллион ит пен 4 миллион мысықты өлімнен құтқарады.

Ит пен мысықтың етін Қытайдың солтүстік-шығысы мен Гуандун провинциясында көп жейді. Ал Шэньчжэнь қаласы осы провинция аумағына кіреді. Тайвань ит пен мысықтың етін жеуге 2017 жылы тыйым салған.

Human Society International ұйымының дерегінше, Азияда жыл сайын 30 миллион иттің еті желінеді. Animals Asia қорының мәліметінше, Қытайда бір жыл ішінде шамамен 4 миллион мысық тамақ үшін сойылады.

azattyq.org

Ұқсас ақпараттар

Үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат құжат тапсырды

admin_mugalzhar

ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ВЕЛИКОМУ АКЫНУ

admin_mugalzhar

ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ ШЫҒЫНДАРЫ ЕСЕПТЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.