«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қарағандыда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

Қарағанды қаласында суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға 16 мамырда болған. Қарағандылық тұрғын мас күйінде демалыс паркіндегі көлге шомылғысы келіпті. Алайда көлге батып кете жаздаған. Оны куәгерлер мен полицейлер құтқарып қалған.

Әлеуметтік желілерде суға батып бара жатқан ер адамның видеосы тарады. Кадрдан оның суда жүзуге тырысқанын көруге болады. Куәгерлер және полицейлер оны құтқаруға асығады. Видео авторы оған уақытында көмек көрсетпегенде, «ол аман қалмайтын еді» деген пікірде.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар!

https://www.instagram.com/p/CARtIDIh8ex/?utm_source=ig_web_copy_link

Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері хабарлама түскен соң оқиға орнына баруға асыққанын айтады.

«Оқиға кешке болды. Сағат 20.00-де Қарағанды полиция басқармасы шұғыл басқару орталығының кезекші пультіне парктегі көлде балалар шомылып жүргені туралы хабар түсті. Полицейлер паркке барып, балаларға шомылуға болмайтынын түсіндірді.  Сол кезде көмек сұрап айғайлаған дауысты естідік. Полиция қызметкері тұрғынға көмекке көрсетуге асықты. Кейін ер адамды дәрігерлер қарады», — дейді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

ЕРЛІКТЕР ЕШҚАШАН ЕСКІРМЕЙДІ

admin_mugalzhar

Ауыл тұрғындары әкімді енді өздері сайлайды

admin_mugalzhar

Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.