«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда бауырын іздеген америкалық ағасын 18 жылдан кейін ШҚО-дан тапты

Америкалықтар асырап алған қазақ Теодор Уолтон (Theodore Walton) туған ағасын ШҚО-дан тапты. Ол мешітте жұмыс істейтін Рүстем Оразғалиев. Араға 18 жыл салып бір-бірін тапқан бауырлардың хикаясы Tengrinews.kz материалында.

Теодор Уолтонның есімі бұрын Марат Оразғалиев болған. Ол Өскеменде дүниеге келген, бірақ ата-анасынан ерте айырылған. Бір жасқа толған кезінде АҚШ-тан бір жұп асырап алады, бұл 2002 жылы болған. Олар ұлға жаңа есім қойған.

Қазір ол 19 жаста, Флорида штатының Пенсакола қаласында тұрады. William & Mary университетінде биологияны оқып жатыр.


Фото: facebook.com/theodore.walton.378

Кейін Теодор Қазақстанда түсірілген ескі суреттерді қарай бастаған. Суреттен ағасын көрген. Теодор оның атын да білмеген.

Суреттердің біреуінде басқа да адамдар болған. Бір қызды ол туған әпкесі шығар деп ойлайды. Қалғандарының кім екенін білмеген.

Содан Теодор туыстарын іздеп, әлеуметтік желілерде жазады. 

Жақында ағасы табылды. Оның есімі — Рүстем Оразғалиев. Оны да біреулер асырап алған екен. Бірақ 2011 жылы. Қазір ол ШҚО-ның Күршім ауданында тұрады және жергілікті мешітте жұмыс істейді.

Теодордың жазбасын Рүстем кездейсоқ көріп қалған. Ол бауырынан 18 жыл өткен соң хабарлама аламын деп күтпеген.

«Басында қуандым, кейін ұзақ жыладым…», — деп бөлісті ол.


Рүстем Оразғалиев, 21 жаста.

Рүстем ұзақ ойланбай, Теодорға жауап жазған.

«Теодор орыс тілін түсінбейді, сондықтан біз аудармашының көмегімен сөйлестік. Мен одан «Сен менің бауырымсың ба?» деп сұрадым. Басында ол сенбеді. Кейін өз суреттерімді жібердім, ол сенді. Мен де басында оны танымадым, өйткені мүлдем есімде жоқ. Оны асырап алған кезде бар болғаны төрт жаста едім. Сөйлестік. Бір-бірімізге көп сұрақ қойдық. Суреттер жібердік», — деді Рүстем.

«Мен бақытты болдым және бір-бірімізден алыста болғанымыз үшін көңіл-күйім түсті. Оны қалай тез тапқаныма таңғалдым. Біз өз өмірлеріміз туралы айттық. Менен үлкен екенін білмедім. Таңғаларлық жағдай болды», — деп әңгімеледі ол.

Теодорға ағасы суреттегі қыз олардың әпкесі емес екенін айтқан. Ол анасы жағынан туысқан әпкесі болып шықты.

Теодордың айтуынша, олардың ата-анасының есімі — Жанар және Тоқтарбек.

«Анам күйзеліс салдарынан шатырдан құлаған. Ал әкеміз тірі ме, жоқ па, білмеймін», — деді Теодор Уолтон.

Енде жігіттер кездескісі келеді, бірақ қалай және қашан екенін әзірге білмейді.

Tengrinews.kz редакциясы ҚР Сыртқы істер министрлігіне және АҚШ-тың елшілігіне бауырларға кездесуге көмектесуін сұрап хабарласты. 

Еске салайық, АҚШ тұрғындары асырап алған қазақ Теодор Уолтонның (Theodore Walton) Қазақстаннан ағасы мен әпкесін іздегені хабарланған болатын. Ол туыстарын табуға көмектесу туралы Facebook желісіндегі Қазақстан-америкалық қауымдастықтың тобына жазған болатырн.

Ұқсас ақпараттар

Тұрғындарға «Arman qala» жобасы таныстырылды

admin_mugalzhar

СЕРДЦЕ ВЕСНЫ – НАУРЫЗ

admin_mugalzhar

«АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ»: ПРЕДПРИНИМАТЕЛИ ВНОСЯТ СВОЙ ВКЛАД В РАЗВИТИЕ СЕЛА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.