«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Алматы маңындағы блокпостта машина келіп соққан екі полицей қаза тапты

Бүгін, 25 мамырда Алматы қаласына кіреберістегі блокпостта жеңіл автомобиль патруль көлігімен соғып, екі полицей қаза тапты. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті хабарлады.

Оқиға таңертең Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында болған. Полицияның мәліметінше, 1992 жылғы азамат мінген көлік алдымен бақылау-өткізу бекетіне соғысқан.

“Ол алдымен бетон қоршауға барып тиген, кейін инерциямен патрульдік көлікке соғылған. Көлік ішінде болған екі полиция қызметкерінің бірі 42 жастағы Жалғас Жанғазиев сол жерде қайтыс болды”, — делінген таратылған хабарламада.

Екінші полицей — 26 жастағы Дастан Әбдіқанов кейін ауруханада қайтыс болған. Полиция “көлік жүргізушісі мас болған” деп хабарлады. Күдікті қамалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқан екі полицейдің де артында бала-шағасы қалды.

Коронавирус пандемияына байланысты енгізілген карантин кезінде блокпосттарда полиция қызметкерін көлікпен қағып өту осыған дейін бірнеше рет болған. 30 сәуірде Алматы қаласы Медеу ауданындағы блокпостта көлік жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кеткен. Дәл осындай жағдай 13 мамырда Түркістан облысынан Шымкентке кіреберісте болған.

Қазақстан үкіметі елдің екі ірі қаласы – Алматы мен Нұр-Сұлтанды наурыздың 19-нан карантинге жапқан. Мамырдың 11-і күні төтенше жағдай аяқталды, бірақ эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин күшінде қалып, блокпосттар әлі алынған жоқ.

centralasian.org

Ұқсас ақпараттар

2023 жылы нәрестелерге қойылған ең танымал 10 есім анықталды

admin_mugalzhar

Түтінсіз темекіге тәуелділер саны артып барады

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.