«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

128 ТҮЛЕК ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

Аудан бойынша мектепті бітіріп, Ұлттық бірыңғай тест тапсырған 410 түлектің 128-і білім грантын ұтып алды. Олар еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының студенттері атанды. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің мамандары мәлімдеді.

— 2019-2020 оқу жылын аудан бойынша 469 түлек бітірді. Оның 68-і «Алтын белгі», 22-і «Үздік аттестат» иеленді. Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда мектеп мұғалімдері тарапынан ұдайы қолдау көрсетіліп, мемлекеттік грант иегері атануына мүмкіндік жасалып отырды. Сондықтан да болар, жыл сайын жоғары оқу орындарының грант иегерлерінің саны артып келеді, – деді Мұғалжар аудандық білім бөлімінің жалпыға бірдей білім беру секторының меңгерушісі Жайнагүл Уваисова.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

«ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫ»: МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МИРЖАН КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ

admin_mugalzhar

99,3 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ШЫҒАРЫЛҒАН

admin_mugalzhar

Құс тұмауы ет бағасына әсер ете ме?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.