«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАҒАН НӘРЕСТЕ ШЕТІНЕП КЕТТІ

Қандыағаш қаласында бір жасар нәресте көп қабатты тұрғын үйдің тересезінен құлап, қайтыс болды.
Аудандық аурухананың жансақтау бөліміне ауыр хәлде жеткізілген баланың денсаулығы үшін аудан дәрігерлері бар күшін салса да, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Бұл туралы аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров баяндады.

  • Өкінішке орай осындай қайғылы оқиға орын алып отыр. Ойнап жүріп, терезеден құлап кеткен. Ата-аналардан кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауларын сұраймыз. Қазіргі балалар өте ширақ, «гиперактивно» деуге болады. Сондықтан көп қабатты тұрғын үйде тұратын тұрғындар терезелерге қорғаныш торларын орнатып, сақтық шараларын сақтаулары шарт. Балалар біздің болашағымыз. Оларды сақтауымыз керек, — деді А. Сүгіров.

Ұқсас ақпараттар

2021 жылы 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өсті

admin_mugalzhar

20-22 шілде – Құрбан айт мерекесі – құрбан шалу тәртібі қандай?

admin_mugalzhar

БАСТЫ МАҚСАТ — ХАЛЫҚТЫҢ САУЛЫҒЫ

admin_mugalzhar