«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАЛ БАСЫНДА ӨСІМ БАР

Ащысай ауылдық округінде мал басынан қан алу, көбейту және асылдандыру, малдың жұқпалы ауруларын болдырмау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мал басынан өсім байқалады. 2019 жылы ірі қара малынан 1500, ұсақ малдан 5244, жылқы малынан 280 төл алынса, 2020 жылдың 6 айында ірі қара малынан 1400, ұсақ малдан 6000, жылқы малынан 330 төл алынған.
Мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығына ден қойған ауыл шаруалары жерге тұқым тастап, ризығын көруде. Округтегі бес шаруа қожалығы 2019 жылы 1154 га бидай,
1250 га арпа, 400 га қара бидай, 1650 га азықтық дақылдар, 33 га бақша өнімдерін егіп, мол өнім алды. Биыл 1750 га бидай, 1000 га арпа, 750 га азықтық дақылдар, 33 га бақша
өнімдерін егіп, егінге орақ түсетін кезеңді күтіп отыр. Ауыл тұрғындары қыстан қысылмай шығу үшін ауласындағы малына 22,3 мың тонна шөп шауып, қысқы азық дайындаған.

Ұқсас ақпараттар

120 МҰҒАЛЖАРЛЫҚҚА ГРАНТ БӨЛІНБЕК

admin_mugalzhar

Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

Мұғалжар баурайындағы сұлулықпен тыныстаған туындылар

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.