«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан халқының 15% коронавирусқа қарсы егілмек

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Екпені ең алғаш қабылдайтындар қатарында созылмалы аурумен ауыратын адамдар, алпыстан асқан азаматтар, медицина қызметкерлері және ұстаздар бар. Бұл мақсатқа шамамен 5 млн 580 мың екпе дозасы қажет. Алексей Цойдың хабарлауынша, 3 түрлі вакцинаны қолдану қарастырылуда. Атап айтқанда, Ресейдің Спутник -5, швециялық Астразенека препараты мен отандық вакцина егілуі мүмкін. Бұдан бөлек, індеттің келесі толқынына дайын болу үшін профилактикалық шаралар іске асыру көзделіп отыр. Үкімет басшысы Асқар Мамин 2,5 млн халықты қазанның ортасына дейін егуді тапсырды. Осыған сәйкес, маусымдық тұмауға қарсы вакцинаны егу науқаны 15 қыркүйектен бастап жүргізілетін болады.

24.kz

Ұқсас ақпараттар

5 млрд тенге выделили на борьбу с COVID-19 в Актюбинской области

admin_mugalzhar

ТӘУЕЛСІЗДІК: ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫСТАР, ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕР

admin_mugalzhar

Үкімет: Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша 150 АЕК төленеді

admin_mugalzhar