«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Еңбек» бағдарламасымен 280 мыңдай адам жұмысқа орналасты

Биылғы 8 айда 430 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Ол арқылы 279,8 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 146,7 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі. 159,8 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды, оның ішінде 17 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 26 мың адам жастар практикасына, 116 мың адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды. Еңбек ресурстарының ұтқырлығынарттыру мақсатында биылғы 1 қыркүйекке жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден 4 386 адам, яғни 1 273 отбасы қоныс аударды. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қысқа мерзімді оқу курстарына 13,6 мың адам жіберілді, оның ішінде 1,4 мың адам оқуды аяқтап, 484 адам жұмысқа орналастырылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 30,4 млрд теңге сомасына 6 984 микрокредит берілді, оның ішінде ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге 25,9 млрд теңгеге 3 687 микрокредит берілді. Микрокредит алушылар 7 382 жұмыс орнын ашты Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында микрокредиттеуді 2020 жылға дейін қаржыландыру көлемі 52,6 млрд теңгені құрайды, оның 82,3%-і (43,3 млрд теңге) ауылдық жерлерге және 17,7%-і (9,3 млрд теңге) қалаларға келеді. Сондай-ақ бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 200 АЕК мөлшерінде 38 мыңнан астам мемлекеттік грант беріледі. 1 қыркүйекке дейін 20 мыңнан аса грант бөлініп үлгерді. Бұдан тыс, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 30 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады.

24.kz

Ұқсас ақпараттар

Алимент төлемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

admin_mugalzhar

СИДИ ДОМА — НЕ ГУЛЯЙ!

admin_mugalzhar

ПОЖАР УСПЕШНО ЛОКАЛИЗОВАН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.