«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақылы жол жобасына 25 млрд теңге бөлінді

Қазақстан автожолдарының жартысы ақылы болады. Оған 25 миллиардтан астам қаражат бөлінді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады. Ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 11 мың шақырымға жеткізіледі деп жоспарланған. Сонымен, келесі жылы 13 жол ақылы болады. Елорда тұрғындары үшін енді Павлодар, Қостанай, Ресейдің Троицк қаласына дейін ақылы автожолмен қамту көзделіп отыр. Сонымен қатар Орал – Саратов, Қапшағай – Талдықорған, Тараз – Қайнар, Қызылорда – Шымкент – Тараз, Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда автожолдарында көлік жүргізушілерінен ақы алу жүйесі іске қосылады. Бұдан бөлек, Ақтөбе – Орал – Самара, Павлодар – Омбы, Ақтау – Бейнеу, Павлодар – Семей – Қалбатау, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасының жолы да ақылы болмақ.

Ақпарат көзі 24.kz

Ұқсас ақпараттар

Қандыағаштық 55 отбасы баспаналы болды

admin_mugalzhar

ВЕТЕРИНАРЫ РАЙОНА НАЛОЖИЛИ ОГРАНИЧЕНИЯ ПО БРУЦЕЛЛЕЗУ

admin_mugalzhar

Instagram-да жаңа функция пайда болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.