«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Өзбекстанда шетелдік туристерге келуге рұқсат етілді

Өзбекстанда 1 қазаннан халықаралық туризмге байланысты шектеулер алынып тасталады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап. 

Мұндай шешімді арнайы республикалық комиссия 17 қыркүйекте карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету аясында шығарды.

Өзбекстанға шетелдік саяхатшыларды әкелетін туристік фирмалар енді туристік топтар үшін (кемінде 5 адам және 15 адамнан көп емес) тур ұйымдастыра алады. Мұндай топтарды 14 күн карантинге жатқызбауға болады.

Алайда туристік компаниялар келушілердің бәрі ПТР-тест тапсырғанына сенімді болуы керек. Сондай-ақ туристердің міндетті түрде медициналық сақтандыруы болуы тиіс.

Егер туристе коронавирустың симптомдары байқалса, ол өз ақшасына елге кірерде өткізу-бақылау пунктінде тестілеуден өтеді. Вирус жұқтырғаны расталса, онда өз ақысына карантинге жатқызылады. Емделіп шыққан соң ғана үйіне қайтуға болады.

Айта кетейік, Алматыдан Ташкентке әуе рейстері 11 қыркүйектен жаңартылған.

Ұқсас ақпараттар

В «САМАЛЕ» СТРОЯТСЯ ВОДОПРОПУСКНЫЕ КАНАЛЫ

admin_mugalzhar

ҚҰМСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

1342 БҮЛДІРШІН МЕКТЕПКЕ БАРАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.