«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Данэлия Тулешова America’s Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова танымал America’s Got Talent телешоуының финалында өнер көрсетті, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Мен America’s Got Talent финалында өнер көрсеттім! Мен шын мәнінде бақыттымын, біз мұны жасадық! Сіздерді қатты жақсы көремін!», — деп жазды Instagram парақшасында әнші қыз.

Данэлия Тулешова атақты шоудың финалында австралиялық әнші Сианың «Аlive» әнін орындады.

Қазақстандық әнші жанкүйерлерінен өзіне дауыс беруін сұрады.

«Бүгін сол түн. Маған бәрі керек! America’s Got Talent-те жеңу үшін маған дауыс беріңіздер! Рақмет!», — деп жазды ол.

Финалға 10 әртіс қатысты, олардың 6-ы әр түрлі жастағы вокалистер. Енді, жобаның алдыңғы екі турындағы сияқты, бір тәулік ішінде финалистерге дауыс беру өтеді, нәтижелері ертең жарияланады.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде оқ тиген бес адам ауруханаға жеткізілді

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ВАГОН ҚАРАУШЫЛАРЫ АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.