«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тарихта алғаш рет химия саласы бойынша Нобель сыйлығын тек әйелдер алды

Швеция Корольдігінің Ғылым академиясы кезекті Нобель сыйлығын табыстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы химия саласы бойынша наградаға Дженнифер Дудна мен Эммануэль Шарпантье ие болды. Ғалымдар «Генетикалық қайшы» деп аталатын зерттеулері үшін беделді марапатқа лайық деп танылған. Француз және америкалық ғалымдар өсімдік, жануар және микроорганизмдердің геномын талдауға болатын әдіс ойлап тапқан. Бұл арқылы енді ДНК-дағы қажет емес фрагментті тауып, оны алып тастауға немесе басқасына ауыстыруға болады. Айта кетейік, тарихта алғаш рет химия саласы бойынша марапатты тек әйелдер алып отыр. Питер Бжезинский, Нобель комитетінің мүшесі: — Болашақ осы әдістің қолында. Қазір алғашқы зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша келесі зерттеулерді жүргізіп жатырмыз. Егер барлығы сәтті болса, кейбір ауруларды емдеп жазатын әдіс болады. Бұл бағыттағы жұмыстар әлем бойынша қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда сот қызметкері күні тойланады

admin_mugalzhar

С 2022 года вырастут госпошлины за выдачу документов

admin_mugalzhar

ӘКІМ ЕСЕП БЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.