“Рухани жаңғыру” бағдарламасының “ЕҢБЕК – ЕЛДІҢ МҰРАТЫ” арнайы жобасы

0
961

Арнайы жобаның мақсаты – қажырлы еңбектің арқасында табысқа жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарды, ұдайы өзін өзі жетілдіру идеясын жаю арқылы еңбекке сүйіспеншілікті насихаттау. Арнайы жобаның міндеттері: “Рухани жаңғыру” бағдарламасының мазмұнын Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының тұжырымдамалары және идеяларымен толықтыру; қажырлы еңбектің арқасында өмірде табысқа жеткен адамдарды жастарға рөлдік модель ретінде ұсыну; кәсіби бағдар бойынша жұмысты күшейту және үздіксіз білім алуға, үнемі өзін-өзі жетілдіруге шақыру; қоғамдағы әлеуметтік инфантилизмді төмендету.