«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨРТ СӨНДІРУШІ — МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

АДАМНЫҢ ТАҒДЫРЫ ҚЫЛ ҮСТІНДЕ ТҰРҒАНДА, ОЛАРДЫ ҚҰТҚАРУ ҮШІН БАСТАРЫН БӘЙГЕГЕ ТІГІП, ОРАНҒАН ОТҚА ТҮСІП, ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІ ІЗДЕП, АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕРЕН ЕҢБЕКТЕРІН БІРІ БІЛСЕ, БІРІ БІЛЕ ҚОЙМАС. ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ НҰРБОЛАТ ТӘЖІҒҰЛОВ ОСЫНДАЙ ҚАУІПКЕ ТОЛЫ МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАҒАНЫНА ЕШ ӨКІНБЕЙДІ. ОНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМЫ — АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ.

Ол 2014 жылы әскерден оралған соң, құтқарушы болып қызмет жасауды армандады. Сөйтіп 2016 жылы Мұғалжар аудандық №8 өрт сөндіру мекемесіне өрт сөндіруші болып жұмысқа тұрды. Сол күннен бастап, адам өміріне араша түсіп, қызыл жалынмен бетпе-бет келіп, өмірлерін қатерге тігетін құтқарушылардың қызығынан қиындығы басымырақ жұмысының ортасына түсті. — Осы мамандықтықты таңдағаныма ешөкінбеймін. Жұмысымөзімеқаттыұнайды. Себебі, біз біреуге пайдамызды тигізбесек, кесірімізді келтірмейміз. Қауіп-қатер де жоқ емес. Кейде қауіпті шақыртулар түскен уақыттарда, санамызға «мүмкін осы соңғы шақырту емес пе екен» деген қорқынышты ойлардың келетінін жасырмаймын. Алайда, менің жұмысымда қорқақтыққа орын жоқ. Қандай жер, қандай уақыт болса да баруға міндеттіміз. Бұл біздің азаматтық борышымыз. Өрт сөндірушілер осындай қасиеттерімен бағаланады, — дейді жас құтқарушы. Өрт сөндіруші мамандығының жауапкершілігін толықтай сезінетін жалынды жас жігіттің бойында рухтың жігері есіп тұрғаны анық сезіледі. Адам қауіпсіздігі үшін атқарған қызметін күнделікті жұмысы деп есептейтін Нұрболаттан есінде қалған оқыс оқиға туралы сұрағанымызда, жұмыс барысында ондай жағдайлардың көптеп орын алатынын, есінде көп қала бермейтінін айтты. Дегенмен, 2017 жылы орын алған өрт оқиғасы туралы айтып берді. — Жұмыстаотырғанбыз. Қандыағашқаласындағы №9 көп қабатты үйден өрт шықты деген шақырту түсті. Біз тез арада жиналып, өрт сөндіру техникасымен оқиға орнына келгенімізде, төртінші қабаттың терезесінен будақтап қара түтін шығып жатыр екен. Біз дереу құтқару жұмысына кірісіп, өрт шыққан подъездің тұрғындарын далаға шығардық. Алайда, 5-ші қабатта тұратын егде әйел адамның денсаулығы нашарлап кетті. Сол мезетте біздің жеке құрам науқасты тез арада эвакуациялап, өмірін құтқарып қалды. Біздің команда өртті дер кезінде ауыздықтап, нәтижелі жұмыс жасап, жұмысқа жауапкершілікті екенін дәлелдеді, — деді ол. Жауапты мамандықты жүк етіп артқан жас жігіт болашақта өз ісінің майталманы атануды, адал қызмет жасауды қалайды.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Головкиннің келесі жекпе-жегі нақты қашан өтетіні белгілі болды

admin_mugalzhar

Коронавирус: Жапонияда 3500 жолаушы кемеден шыға алмай отыр

admin_mugalzhar

ШЕҢГЕЛШИ АУЫЛЫНА АУЫЗ СУ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.