ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – ЖЕМІСТІ ЖОБА

0
260

Мұғалжар ауданы бойынша биылғы “Жастар практикасы” бағдарламасына жергілікті бюджеттен 128 млн. теңге бөлініп, 200 жас жұмыспен қамтылуы керек болатын. Алайда, биыл көрсетілген мөлшерден артық, яғни 219 адам еңбекке араласты. Ал республикалық бюджеттен бөлінген 24 млн. теңгеге 112 жасты жұмысқа тарту жоспарлы түрде бекітілген болса, бүгінгі таңға 92 жас бағдарламамен жұмысқа орналасты. Бұл – ресми көрсеткіш. Ал жастардың алғашқы еңбек жолын бастауына мүмкіндік беретін аталмыш бағдарлама арқылы еңбек етіп жүрген мұғалжарлық жас буынның өзі бұл туралы не дейді? Сонымен…

Гүлназ КАРИНА, Мұғалжар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының жастар практикасысаласы бойынша қызметкері:

“Қазақстан тәуелсіздік жылдары әле- уметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай прогресске қол жеткізіп, табы- сы орташадан жоғары деңгейдегі елдер тобына кірді. Мұндай өсімді көрсеткіш кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама бөлігін анағұрлым нәтижелі жұмыс кәсіподақ ұйымы және мектеп ұжымы Игі тілекпен: Білім бөлімі, кәсіподақ ұйымы және мектеп ұжымы орындарымен қамтамасыз етуге, адам- дардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыз- дар мен нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылдық жер- лердегі санын азайтуға мүмкіндік берді. Аталған мәселелерді шешу үшін “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасының шеңберінде 2011 жылдан бері жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және табысы аз тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің алғ- ышарттары қарқынды түрде жұмысын атқарды. Еңбек нарығын дамыту және халықтың тұрмыс деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында мемлекет басшысы 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкімет алдына жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамту жөнінде міндет қойды. Жұмыспен қамтуда, оның ішінде жастарды жұмыспен қамтамасыз етуде “Жастар практикасының” тиімді екені анық. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған бұл қолдау жастардың әрі қарай еңбекке ынтасын арттыратыны анық”.

Еңбекке енді ғана араласуға тырысып жүрген жас- тардың құлағы әбден қанық: “тәжірибе жеткіліксіз” деген сөз Назым Айтмағам- беттің де алдынан шықты. Ақтөбе қаласындағы Баишев жоғары медициналық колледжін аяқтап, қолына дип- ломын жаңа алған жастың мамандығы бойынша тәжірибесі жоқ екені анық. Осы сәтте “Жастар практи- касы” бағдарламасының үлкен септігі тигенін айтқан Назымға биылғы жылдың маусым айында “Ембі қалалық балалар мен жасөспірі- мдерге арналған спорт мектебіне” жолдама берілді. ” Бүгінде аталмыш бағдарлама арқылы еңбек жо- лымды бастадым. Мау- сым айынан басталған жұмысым өзіме қатты ұнайды . Ұжымдағы әріптестері- ммен де жақсы араласып кеттім. Өмірімдегі бұл тәжірибе жи- нау – жаңалықтар мен жаңашылдыққа жол ашады деп ойлаймын. “Жастар практикасы” негізінде тұрақты жұмысқа да тұруға болады деп есептеймін. Қазіргі уақытта елімізде осы тәрізді бағдарламалардың жалғасын табуын қалар едім. Себебі, жұмыссыз жастар көп. “Жастар практикасы” – жастар- дың тәжірибе жинауына, қоғаммен тығыз байланыс орнатуына, тұрақты жұмысқа орналасуына оң ықпал етуде”, – деді жас маман.

Дана Жеткергенова биылғы тамыз айынан бастап Ембі қаласындағы “Достық” бөбекжай-бақшасында алғашқы еңбек жолын бастады. “Ең маңыздысы, жастар практикасында өз мамандығыңның қыр-сырын меңгеруге зор мүмкіндік бар. Жұмыс істеп жүріп тың ақпарат аласың, құжаттар мен түрлі әдіс- тәсілдермен жұмыс істеуді үйренесің. Бұл – тек тәжірибе ғана емес, өзіңді қызықтыратын жұмыс па, жоқ па түсініп, шешім қабылдау мүмкіндігі” деген Дана тәрбиеші болудың өзіне ұнайтынын, болашақта әрі қарай жоғары білім алып, ел құрметтеген, із қалдырар үлгілі тәрбиеші болғысы келетінін жеткізді. “Біз, жастар, болашақтың негізі ретінде өз біліміміз бен жасампаз еңбегіміздің және күшжігеріміздіңтасқыныменөзболашағымыздың жоспарын құрудажаңамүмкіндіктералып жатырмыз. Қазіргі таңда көптеген жастарды қолдау мақсатында қолға алынған “Жасыл ел”, “Дипломмен ауылға”, “Жастарпрактикасы” т.б. бағдарламалар мен жобалар әрбір жас түлек және жас мамандар үшін бір қуаныш, мүмкіндік іспеттес. Бұл бағдарламалар – жұмыссыздықты азайтып, ел экономикасының одан сайын өркендеуіне үлкен себеп болып жүргені қуантады. Ал оның ішінде “Жастар практикасы” – түлектердің өз мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтауына және кейінірек жұмысқа орналасуына жағдай жасайды. Жастардың бойындағы ынта жігерді әрі қарай қамшылай түсіп, бойдағы жауапкершілікті одан сайын арттырады. Осындай жағдайды жасап, жұмыс жасау мүмкіндігін ұсынған үкіметке, оны жүзеге асырып отырған жұмыспен қамту орталығына айтылар алғыс та ерекше”. Аталмыш бағдарламаның жемісінкөріпотырғанжастың бірі – Жалғас Самен. Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжін тәмамдап, қазіргі таңда Жем локомотив пайдалану депосында оперативті техникалық есепшілер орталығында оператор қызметін атқарып жүрген жас бағдарламаның кәсіптік тәжірибе жинауға, орнықты жұмысқа орналасуға үлкен баспалдақ екенін айтады. “Адамдармен күнделікті қарым-қатынас, жұмыс барысындағы қызықты ақпараттар мен жаңалықтар әрқашан жақсы жұмыс атқаруыма өз септігін тигізеді. Жұмыс жасаған адам әрқашан ізденісте әрі жан- жақтан хабардар болып жүреді. Жасап жатқан жұмысым өзіме ұнайды, кейін де осы саламен әрі қарайдамып, өсебергімкеледі. Жастарғаберіліпотырғанмүмкіндікті тиімдіпайдалану – жастардың қолында. Сол себепті ел жастарын осы мақсаттарды бірге бағындыруға және белсенді болуға шақырамын”, – дейді жас маман.