Қазақстанда 1 қыркүйектен бері 800-ден аса оқушы коронавирус жұқтырған

0
191

Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов оқу жылының басынан бергі оқушылар арасындағы коронавирус жұқтыру статистикасын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Оқу жылы басталғаннан бері қазақстандық оқушылар арасында КВИ-дың 825 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 261 факт – кезекші сынып оқушылары арасында, 564 – қашықтан білім алушылар арасында тіркелген.

Соңғы аптада COVID-19 кезекші сыныптарда оқитын 62 оқушыда анықталды. Ауырған оқушылардың ең көп саны Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады: сәйкесінше 32, 12 және 5 жағдай”, – деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі.