Қазақстанда 26 градусқа дейін аяз болады

0
139

Синоптиктер 17-19 қараша күндері ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауады.

“Орталығы Самараның үстінде орналасқан солтүстік-батыс антициклонының жотасы Қазақстанның ауа райына өз әсерін тигізуді жалғастырады. Кей жерде әлі де қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады, бірақ түнде ауа температурасы солтүстік аймақтарда 18-26 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда 5-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі. Еліміздің кей жерінде тұман түсіп, оңтүстік жартысында көктайғақ, солтүстік бөлігінде бұрқасын болжанады”, – деді синоптиктер.