«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде жұмысынан шығып қалған 82 мың адам жәрдемақы алды

Жыл басынан бері жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алушылардың саны 82,1 мыңға жетті. Бұл ретте 10 489 азаматқа төлем қазан айында тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған қызметкерге: — Egov.kz порталында авторизациялану; — «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау; — Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет; — Бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады; — Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі берілетін болады (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін сізге ХЖҚО қызметкері хабарласады); Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәлімет болған кезде Еңбекминінің ақпарат жүйесі проактивті форматта төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады. Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеген кезеңде оны қолдауға арналған.


Ұқсас ақпараттар

Численность госслужащих сократят в Казахстане

admin_mugalzhar

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar

Костенко шахтасында қаза тапқандар саны өсті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.