«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«SD FAMILY» ФУТБОЛ АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН «SD FAMILY» ФУТБОЛ АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ. ЯҒНИ ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМЫНА БОЛАШАҚ ІЗБАСАРЛАР ДАЙЫНДАЙТЫН БҰЛ ОРТАЛЫҚ — ОБЛЫСТАҒЫ АУДАНДАР АРАСЫНДА ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАҒАН БІРІНШІ ФУТБОЛ АКАДЕМИЯСЫ АТАНЫП ОТЫР.

Аталып отырған орталықтың жүзеге асырылуына тікелей ықпал еткен — бұған дейін Шымкент қаласының кәсіби футбол клубы — «Ордабасы» құрамының ойыншысы, қазіргі таңда «SD family» жобасының құрылтайшысы Дидар Садықбек. Кәсіби футболшы өзінің атынан жоба франшизасын тегін таратуды көздеп, әлеуметтік желі арқылы хабарландыру жариялаған. Сәтті жобаның серіктесі болу үшін бақ сынап көруді ұйғарған мұғалжарлық футболшылар бұл хабарламадан қапы қалмай, бүгінде міне, жаңа істі қолға алды. -Әлеуметтік желіні ақтарып отырып, осы хабарламаны көзім шалды. Содан жанымдағы футболға әуестігі бар достарыма хабарласып көріп едім, бірден қолдау танытты. Жобаны жүзеге асыруға асыққанымыз сонша, жарнама әзірлеуге, үгітнасихат жұмыстарын жүргізуге кірісіп кеттік. Жақсы жұмыстың нәтижесі де тез көрінеді. Атааналар мен балалар қызығушылық танытып, жан-жағымыздан игі тілек пен жақсы сөздер естіген соң, жұмысқа деген ынта одан сайын еселеніп кетті, — дейді академияның ұйымдастырушысы Дастан Мырзин. Футбол академиясына 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Қазіргі уақытта 100-ге жуық мұғалжарлық бала футболшы болсам деген арманын үкілеп, орталықтың табалдырығынан аттаған. Шағын топ, ересек топ, жасөспірім топ болып үш бағытта жұмыстанатын академияда үш жаттықтырушы жұмыс жасайды. Олар — жаттықтырушы әрі әуесқой футболшылар Шыңғыс Саттаров пен Тимур Төлеміс және осы жобаны ауданда қолға алған Дастан Мырзин.

— Алғашында бастап кетуге жүрексініп, қобалжып, сан түрлі сұрақпен шақшадай бас шарадай болып жүрді. Жауапкершілікті сезіну — орталық табалдырығын аттаған балалардың доп қуып, жүгіре жөнелуінен басталды десем дұрысырақ болар. Себебі «көз-қорқақ, қол-батыр» дейді ғой. Шағын допты аяғына оратып, бірде сүрініп, бірде жығылып жүрген балаларға дұрыс бағытты көрсету, әдістерін үйрету — бұл бөлек дүние. Доппен жүру, нысананы дәлдеу тәрізді қалыптастыру дағдыларынан балалар қазір-ақ жақсы көрсеткіш көрсетуде. Алдағы уақытқа жоспар көп. Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас жеткіншектеріміздің кіші қадамдары үлкен жетістіктерге жеткізетініне сенім білдіреміз, — дейді Д.Мырзин. А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Тағы бір мемлекет төрт күндік жұмыс аптасына көшуге ниетті

admin_mugalzhar

Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің мөлшері өсті

admin_mugalzhar

Карантиндік шектеулер ел экономикасына қалай әсер етті?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.