ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР МАРАПАТТАЛДЫ

0
157

Мұғалжар аудандық әкімдігінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мемлекеттік әнұран орындалып, келген қонақтар мен сыйлы азаматтарға Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси еңбек жолына арналған деректі фильм көрсетіліп кең көлемде шолу жасалған соң, аудан әкімі Асқар Шериязданов құттықтау сөз сөйледі. Мұғалжарлықтарды мерекесімен құттықтаған аудан әкімі аға буынға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығымен бекітілген төсбелгі мен марапаттауларын тапсырып, аудан әкімдігі, аудандық мәслихат, қоғамдық кеңес және ардагерлер кеңесінің атынан Мұғалжар өңірінің дамуына үлес қосып жүрген ауылшаруашылық саласы мен әлеуметтік саланың жауапты қызметкерлерін және кәсіпкерлерді марапаттады. Қазақстан Республикасының Конституциясы негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, адам мен азаматтық Конституцияның құқықтары мен бостандығын қорғауға елеулі үлес қосқаны үшін еңбек ардагері Сағидолла Қауқақов пен “Ембі-жылу” мекемесінің директоры Берік Нұртаев “Қазақстан Конституциясына-25 жыл” мерекелік медалімен, ал Абылай Сүлейменов ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің “I-дәрежелі Еңбек даңқы” төсбелгісімен, Жұмагүл Асабаева Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Мұғалжар ауданы әкімдігі, аудандық мәслихат, қоғамдық кеңес және аудандық ардагерлер кеңесінің Алғыс хатына ұзақ жылдық еңбек жемісі үшін “Энeргосистема” ЖШС-і Бұлақты ауылдық бөлімшесінің электригі Самат Умралин, Талдысай ауылдық округінің “Наурызбек” ШҚ-ның басшысы Есентүгел Алдабергенов, Ақкемер ауылдық округінің жеке кәсіпкері Орынбек Қуантаев, Сағашилі дәрігерлік амбулаториясының медбикесі Ермек Каирова, Жұрын ауылы Қ.Жұбанов атындағы ЖББОМ-нің мұғалімі Нұрперзент Жұмабекұлы ие болды. А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ