«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе-Қандыағаш тасжолын жөндеу жұмыстары басталады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ басқарма төрағасы  Ұлан Әліповпен кездесті. Жүздесу барысында  республикалық маңызы бар Ақтөбе-Қандыағаш тасжолын қайта құрылымдау жұмыстарына қатысты мәселелер талқыланды.

2021 жылы Ақтөбе қаласынан Қандыағашқа дейінгі жолдың сапасын жақсарту жұмыстары басталмақ. Бұның құны — 64 миллиард теңге. Осыған орай басқарма төрағасы жолды салу барысында қажет болуы мүмкін мәселелер бойынша Оңдасын Оразалиннен көмек көрсетуді сұрады. Облыс әкімі маңызды шараны бірлесе атқаруда жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізе отырып, жұмысты мобилизациялау жөніндегі ұсынысын білдірді. Яғни желтоқсан айында дайындық шараларын толық аяқтап, келесі жылы нақты іске кірісу қажет.

Аймақ басшысы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашовқа ұлттық компанияға әкімдік тарапынан көрсетілетін қолдауды сапалы ұйымдастыруды тапсырды.

Ақтөбе-Қандыағаш жолын алдағы үш жылда толық аяқтау жоспарланып отыр. Жолдың 64,039 километрін қайта құрылымдаудан өткізу, 32,014 километрге жаңадан жол құрылысын жүргізу, екі жаңа көпірдің құрылысы және 9 көпірді қайта жөндеуден өткізу жұмыстары жасалатын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

Пайыздық мөлшерлемесі 5%-ке дейін: Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама енгізілмек

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ КІРЕБЕРІС ЖОЛЫНА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

admin_mugalzhar

Италиялық ғалымдар коронавирустың күшін толық жоюға қабілетті вакцина ойлап тапты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.