«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Роналду ХХІ ғасыр футболындағы әлем рекордын жаңартты

Туриндік «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты. Ол ХХІ ғасырда мыңнан астам матч ойнаған жалғыз футболшы болды. Бұл туралы Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) хабарлады. Жалпы алғанда Роналду 1047 рет алаңға шықты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Рейтингтің екінші орнында «Реал Мадрид» пен Испания құрамасының экс-қақпашысы Икер Касильяс тұр. Қақпашы ХХІ ғасырда 974 кездесуде ойнады, бірақ ол ХХ ғасырда тағы 74 матч өткізген. Барлық матчті есептесек, Касильяс Роналдудан (1048) бір рет қана алаңға артық шыққан.

IFFHS рейтингінде үшінші орында — Сан-Паулу қорғаушысы Дани Альвес. Ол барлық матчін XXI ғасырда өткізген, барлығы — 969.

Төртінші-оныншы орындарда:

Хави (937 матч және XX ғасырдағы 80 матч),
Ясухито Эндо (909 және 84 матч),
Златан Ибрагимович (907 және 9 матч),
Рожерио Сени (904 және 310 матч),
Лионель Месси (902 матч),
Джанлуиджи Буффон (852 және 212 матч),
Хавьер Занетти (717 және 383 матч).

Ұқсас ақпараттар

Талдысай ауылдық округі тұрғындарының назарына!!!

admin_mugalzhar

Адамды жақсы танитын 5 жұлдыз белгісі

admin_mugalzhar

Об изменениях и дополнениях в Налоговом Кодексе РК с 01.01.2017года по налогу на имущество и земельному налогу физических лиц

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.