«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПКЕ БАРАДЫ

Еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдыңжақсаруымен тұрақтануына байланысты аудан аумағында орналасқан жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып оқушылары мектепке барып оқиды.

Оқу пәндерінің штаттық немесе қашықтан оқыту форматтарында жүргізілуін және оқу сағаттарының санын анықтауды мектептер дербес шешеді. Бұл ретте мектептер осы оқу жылында қолданыстағы жұмыс оқу жоспарларын басшылыққа алады. Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігі «Көркем еңбек» және «Музыка» пәндерін 1- 5 сыныптарда қашықтан асинхронды форматта қалдыруды, қалған пәндерді штаттық форматқа көшіруді ұсынады. Тек ерекше жағдайларда, ауырғанда немесе науқастармен қарымқатынас жағдайларында ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан оқытуға қалдыруға рұқсат етіледі.

— Білім беру процесінің барлық қатысушылары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы тиіс. Мектеп басшылары балалардың қауіпсіздігін және денсаулығын сақтау үшін барлық жағдайларды қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен педагогтер жеке гигиена ережелерін және санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтайды. Оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін, ұқыпты және жинақы киімде болуға рұқсат етіледі. Атааналарға мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ, — деді «Ақтөбе облыстық білім басқармасы Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ-нің басшысы Ғайни Нұрсұлтанова.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

НҰРХАН – ЖЕҢІМПАЗ

admin_mugalzhar

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

admin_mugalzhar

ЕЛАМАН – АЗИЯ ЖӘНЕ ОКЕАНИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.