«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Күніне екі рет ұйықтау – адамзатқа тән құбылыс

Пандемияда дүниежүзі қашықтан жұмыс істеу режіміне өтіп, тиімді іс істеп, бәріне үлгерудің өзіндік үлгісіне өтті. Сонда байқалғаны – адамдардың күндіз бір тынығып алатыны. Содан адам тәулігіне бір рет емес, екі рет ұйықтайды. Бірі – түнде, екіншісі – күндіз.
Адамның бұлай ұйқысұрауы – атам заманнан келе жатқан әдет көрінеді. Адамзат индустриализация дәуіріне, елдімекенге жарық тартқанға дейінгі заманда басқандай графикпен жүрді, жұмыс істеді, тынықты. Бифазды ұйқы режімі бұрыннан болған.
Кейбір халықтар, мәселен арабтар мен испандар, жапондар күндіз бір сағатқа дейін тынығып алуды құп көреді, Еуропа халықтары күн батқан шақта бір, қараңғы түн басқанда таңға дейін тағы бір ұйықтайтын болған.
Мұндай мәліметтер көне әдебиет мен ғылыми деректерге жиі кездеседі.
Қазір күніне екі рет ұйықтау әдеті жоғалып барады. Тек балабақшаға баратын балалар және сиеста мәдениетін ұстанған елдер ғана күндіз тынығады. Күндіз тынығуды құртқан – қазіргі күнтізбе мен жұмыс кестесі. Заманауи жұмыс кестесі адамның биоырғағына сай емес.
1990 жылдары психиатр Томас Вер тәжірибе жасап, 20 сағаттық тәулік пен күндізгі қысқа кеңістікте адам ағзасының қалай бейімделетінін байқап көрген. Тәуліктің 14 сағаты – түн де, 8 сағаты – жарық. Тәжірибеге қатысқандардың барлығы төртінші аптадан бастап екі уақыт ұйықтау режіміне көшіп, соны әдетке айналдыра бастаған. Яғни, 4 сағат ұйықтайды да 1-3 сағат ояу жүреді. Содан соң тағы 4 сағат ұйықтайды.
Осыдан ғалым тәулігіне екі рет ұйықтау адамзатқа тән құбылыс деген шешімге келеді.

massaget.kz

Ұқсас ақпараттар

Ғалымдар смартфонды зарядтауға арналған киім жасап шығарды

admin_mugalzhar

До 3 млн тенге безвозмездно получат предприниматели Актюбинской области

admin_mugalzhar

Конкурс

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.