«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҢА ӨМІР, ЖАҢА ЖЫЛ, ЖАҢА КҮНМЕН КӨРІСУ

14 наурыз — Көрісу күні. Көрісу айт – әз-Наурыздың бастауы. Бұл күні бүкіл ағайын-тума әулеттің бас иесіне, ауыл-аймақ сол жердің ақсақалына, жасы кіші үлкенге арнайы барып, қол беріп көрісіп, «бір жасымен» құттықтайды.

Мерекеге орай аудандық Мәдениет үйінде «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» атты мерекелік шара өтті. Көңілдің мұзын жібітіп, бауырмалдықты арттырып, үлкендердің батасына бөленіп, айналаны әсемдікке орайтын мұндай мерекені аудандық Мəдениет үйінің қызметкерлері жоғары деңгейде атап өтті. Мерекелік бағдарлама аясында жергілікті өнерпаздар қазақтың салт-дәстүрлерінен сыр шертетін сахналық қойылымдар қойды. Санитарлық талаптарға сай өткізілген шараға қала тұрғындары қатысты. Сонымен қатар шараны қала тұрғындары мен қонақтары аудандық Мəдениет үйінің инстаграм парақшасы арқылы тікелей эфирде тамашалады. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамының мазмұнын кеңейтуді тапсырған болатын. Осыған орай аудандық іс-шаралар жоспары жасақталып, 14-23 наурыз аралығында ауданда мерекелік шаралар кең көлемде аталып өтілетін болады. Мерекелік шараларды қалалық жəне ауылдық округтерде атап өтеді.

Ұқсас ақпараттар

«ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫ»: МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МИРЖАН КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПОЖАР В ВАХТОВОМ ПОСЕЛКЕ

admin_mugalzhar

Из журналистики-то Я УШЛА, авот онаиз меня — НЕТ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.