ЖАРТЫ ҒАСЫР ТЕРБЕЛГЕН БЕСІК

0
524

Атадан қалған мұраның бірі – бесік. “Баланың бесігі – кең дүниенің есігі ғой” деген Төле бидің сөзі де бесіктің киесі мен маңызына дәлел. Ал бесіктің қасиетін түсініп, пайдасын көріп жүрген Жұмабаевтар отбасындағы әулет балалары жарты ғасырдан астам уақыттан бері бір бесікке жатып, атадан балаға мұра етіп келеді. Анасы Дәмелінің баласы Мейрамбекті 1966 жылы базардан өзі алып келген осы бесікке салғанына да міне, 54 жыл өтіпті. Содан бері қаншама бала киелі бесікте тербетіліп, ана әлдиімен өсіп келеді. ЖАРТЫ ҒАСЫР ТЕРБЕЛГЕН – Жарты ғасырды әлдеқашан артқа тастаған бесігіміз әлі сол күйі тұр. Ағашы мықты дүниенің әлі де осы әулеттің ұрпақтарын тербетеріне сенемін. Отбасымызбен киелі санайтын осы бесікке атам мен бірге туған бауырлары, өзінің және ағаінілерінің балалары бөленген екен. Ендігі кезекте міне, атамның алғашқы немересі, тұңғышымыз Айша да осы бесікте тербеліп, тәтті ұйқыға бөленуде, – дейді әулет келіні Айгерім Дарханқызы.

Ә.ӨМІРТАЕВ