«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады

2021 жылғы 1 сәуірде 2020 жылға көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен мәлім етті,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz сайты.

Биыл алғаш рет көлік құралдарына салынатын салықты «Е-Salyq-Azamat»МКК тегін мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.

«2020 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мәліметтері негізінде есептелген», — деді ведомствода.

2020 жылға есептелген көлік салығы «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Алдағы төлемдер» сервисінде орналастырылады.

«Деректеріңіздің қауіпсіздігі мақсатында мобильді қосымшаға кіру үшін ұялы телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) ЖСН-де тіркелуі қажет», — деп атап өтті комитетте.

Бұдан басқа, төлемдер туралы мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында, «электрондық үкімет» порталында (egov.kz), банктердің мобильді қосымшаларында (Kaspi.kz, Homebank) білуге болады.

Бұл ретте комитеттің және банктердің мобильді қосымшаларында алдағы төлемдер сервисінде көлік құралдарына есептелген салық сомасы дербес шоттағы бар төлемді (артық төлемді) ескере отырып көрсетіледі.

Жеке тұлғалар салықтарды басқа тәсілдермен де төлей алады: екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақша қаражатымен, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталарының көмегімен.

Анықтамалық ақпаратты алу үшін бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық шенеуніктер енді жұмысқа орналасу үшін эссе жазады

admin_mugalzhar

«ДАМУ» ҚОРЫ — БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН ДАУЫС БЕРУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.