Қазақстанда әлеуметтік желілерді бақылау туралы заң енгізілмек

0
321

Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов Қазақстанда әлеуметтік желілер туралы заң қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz сайты.

“Пандемияда кезінде дүние жүзінде идеологиялық індет те тарады. Сондықтан біз әлеуметтік желілер туралы заң қабылдауымыз керек. Бұл сөз бостандығын бұзу емес, әлеуметтік желілерді заң шығарушы жүйеге енгізу және олардың қолданушыларының заң алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Депутат қазіргі таңда әлеуметтік желілерді бақылаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.

“Жаһандану жағдайында кейбір жастар өздерінің батыстың жағымсыз топтарының ықпалына қалай түскенін байқамай да қалады. Осылайша, когнитивті технологиялар қоғамдық санаға әсер ету құралына айналуда. Біз үшін өзіміздің ұлттық мүдделерімізді және ұлттық құндылықтарымызды қорғау – маңызды”, – деді сенатор.