Қазақстанда тағы бір өңір “қызыл” аймаққа өтті

0
208

Қазақстанның 5 өңірі коронавирус таралуы бойынша “қызыл” аймақта тұр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Ақтөбе облысы да “қызыл” аймаққа өтті.

Сондай-ақ,”қызыл” аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары орналасқан.

“Сары” аймақта: Алматы және Қарағанды облыстары.
⠀Қалған барлық өңір “жасыл” аймақта.